Депутаттар таяғымен ақша жинаған полиция қызметкерлерін күлкі қылды

Ел аралауға шыққа мәжіліс депутаттарының бір тобы Ақтөбе облысында жүр. Әртүрлі сала қызметкерлерімен, халықпен кездесулер өткізіп жүрген шенділер жастармен дөңгелек үстел басына жиналды деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Қоғамда талқыланып жатқан жағдайларды сөз қылды. Студенттер полиция қызметкерлері тарапынан болатын заңбұзушылықтарды айтты.

«Жаңа жылдан бастап тәртіп сақшыларына қатысты өзгерістер енгізілді. Мұны қоғам әртүрлі қабылдады. Әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылды. Өзім көп жағдайда куә болатын жағдай: полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқаннан кейін жүргізушіледі өздерімен бірге қызметтік көліктеріне ертіп алып кетеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Мұндай жағдайлар жемқорлыққа жол бермей ме?», — дейді Әсем Айбекова.

Депутаттар бұрын болған мұндай жағдайлардың қазір орын алуы мүмкін емес екенін айтты.

«Бұл ескі уақытың салдарынан туған көріністер. Қазіргі уақытта ол жағынан қаншама жұмыстар жасалынды. Мүмкін кезінде көлігіне мінгізу арқылы ақша алу болған шығар. Қазір ондайлар жоқ, болмайды да! Полиция таяғы да сөз болып жатыр. Әлемнің қаншама елінде болдық, олар таяқ қолданбайды. Сол таяққа ұлтымыз үйреніп қалған. Оның керегі де жоқ», — дейді депутат Абай Тасболатов.

Әріптесінің сөзіне қосылған Бақтықожа Ізмұхамбетов: «Олар таяқ ұстап ақша жинайды», — деп күлді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий