Дереккөз: Қазақстаннан 50-ден астам тәжікстандық мигрант депортацияланды

Қазақстан миграциялық заңдарды бұзған Тәжікстанның 50-ден астам азаматын еліне депортациялады. Бұл туралы Озоди радиосы дереккөзіне сүйеніп хабарлады.

Тәжікстанның Бахтиёр атты азаматы Озоди радиосына Алматы қалалық сотының алдында сот шешімін күтіп тұрған тәжік азаматтарының видеосын жіберген. Оның сөзінше, Алматыда 80-нен астам тәжік азаматы ұсталған. «Барлық құжаттарымыз бар екеніне қарамастан, сот бізді депортациялау туралы шешім шығарды. Маған Қазақстанға кіруге 5 жылға тыйым салды. Үш күн ішінде сот 50-ден астам тәжік азаматын депортациялау туралы шешім шығарды», — деді Бахтиёр.

Сарапшылар Ресейдегі экономикалық жағдайдың нашарлануынан кейін Қазақстанға мигранттар ағылуы мүмкін деп жатыр.

Қазақстанда 4 наурыздан бастап шетелдікдер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұру тәртібі өзгерген.

Қазақ билігінің мәліметіне қарағанда, 2021 жылы Қазақстанға жұмыс істеу үшін Тәжікстаннан 40 мың азамат барған. Елдің миграциялық заңын бұзғаны үшін 2 мыңнан астам адам депортацияланған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий