Дереккөз: Рушанда «контртеррористік операцияның» 21 құрбанының денесі туыстарына берілді

Таулы-Бадахшан облысы Рушан ауданында өткен «контртеррористік операцияның» 21 құрбанының денесі туыстарына берілген. Бұл жайында жергілікті тұрғындар хабарлады. Осының алдында 17 адам қайтыс болды деп хабарланған.

Тәжікстан ІІМ 18 мамырда жүргізілген «контртеррористік операция кезінде» 8 адам қайтыс болып, 11-і жараланды деп хабарлаған. Көзі жойылғандар «террористік топтардың белсенді мүшелері» деп айтылды.

Қазір Таулы Бадахшан өңірінде интернет байланысы жоқ. БАҚ өкілдеріне де өңірге кіруге тыйым салынған.

Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы жағдай 14 мамырдан бері ушығып тұр. Сол күні Хорог қаласының жүздеген тұрғыны наразылық акциясын өткізіп, аймақ басшыларын қызметтен алуын, Бадахшан тұрғындарын қудалауды доғаруын, қараша оқиғасын әділ тергеуін, қамаудағы саяси тұтқындарды босатуын талап еткен.

Билік олардың талаптарын орындаудан бас тартқан соң, дүйсенбі күні жергілікті жастардың үлкен тобы облыс әкімдігіне қарай беттеді. Чинак деп аталатын жерде оларды Тәжікстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері күтіп алып, наразы топқа қарсы резіңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Ресми мәлімет бойынша, осы қақтығыс кезінде Хорогтың бір тұрғыны қаза болып, құқық қорғау органдарының үш қызметкері жараланды. Жергілікті тұрғындар наразылыққа қатысқан бірнеше адам жараланғанын хабарлады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий