Димаш Құдайбергенді басып озып, бірінші орын алған қытайлық әнші кім?

Қытайда өтіп жатқан The Singer ән байқауының екі кезеңінде үздіктер қатарынан көрінген Димаш Құдайберген үшінші кезеңде жеңісті қолдан бергені белгілі. Бұл жолы Димаш үшінші орын алып, қытай әншісі Таң Жиң үздік болып танылған болатын. Желіде әншінің орындаған әнінің видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол сайыстың үшінші кезеңінде «Сезім селі» деп аталатын әнді орындап шыққан.

Байқау көрермендері Таң Жиңнің бұл әнін жылы қабылдады. Дегенмен, Димаштың даңқы да бір елі төмендеген емес. Керісінше, қазақ әншісіне деген әлем жұртының қызығушылығы күн санап артып келеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий