Димашты америкалық жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды

Америкалық фанаттар Димашты Лос-Анджелес әуежайында қарсы алды.

Әлемдік турнеге аттанған Димаш Құдайберген АҚШ-қа келді, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚазақстандағы АҚШ елшілігінің Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасай отырып.
Америкалық фанаттар Димашты Лос-Анджелес әуежайында ыстық ықыласпен қарсы алды.

Патрис Груллион — Димаштың белсенді америкалық жанкүйерлерінің бірі және оны Лос-Анджелес әуежайында алғашқы күтіп алушылардың бірі болды.

Димаш АҚШ-қа ұшпас бұрын америкалық елшілікке барып, елші Джордж Кролмен кездесті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 19-23 қараша аралығында Лос-Анджелесте Қазақстан мәдениет және кино күндері өтеді. Олардың мақсаты — америкалық көрермендерге республиканың бай ұлттық-мәдени құндылықтарын таныстыру.
Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий