Димаштың концертіне қазақстандықтардан бұрын шетелдіктер билетті талап алып жатыр

Димаш Құдайберген. Фото: Вейбо

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Астана қаласында 27 маусым күні өтетін жеке концертіне қазақстандықтардан бұрын шетелдік тыңдармандары таласып билет алып жатыр. Қазіргі кезде билеттердің 40 пайызы сатылып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әншінің досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«#BASTAU — Димаштың Қазақстандағы ең үлкен арена — «Астана Аренада» өтетін жеке ән кешінің атауы! Үлкен әлемдік турне аясында ұйымдастырылған алғашқы концерт Елордамыз Астана қаласында 27 маусым күні өтеді. Биылғы жоспар бойынша Қазақстанда өтетін жалғыз ән кеші! Сондықтан, Халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында өтетін Димаштың #Bastau-ының куәсі болу үшін арнайы Астана қаласына келуге шақырамыз!

Бүгінде билет алып, арнайы Қазақстанға келе жатқан шет елдіктер өте көп. Ресей, Қытай, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстаннан билеттер алған жанкүйерлеріміз бар.

Билет бағасы 2000 теңгеден #Bastau алады! 40% билеттер жанкүйерлердің қолында! Сіз де бізбен бірге болуға асығыңыз! Билеттер: expo2017culture.kz ticketon.kz +7 777 733 53 53», — дейді Алпамыс.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий