Дональд Трамп. Фото: baq.kz
«Иран мүлдем біздің мемлекетімізді сыйламайды. Ол – нөмірі бірінші террористік мемлекет. Иран өз қаржысын қарулануға жұмсайды», — деді президент.
Осы орайда Дональд Трамп Иранға қарсы санкция қабылдауға уәде берді.
«Біз оны бастап та кеттік», — деп қосып қойды ол.
Алайда, АҚШ президенті бұл әрекеті туралы алдын ала ешкімге ескертпейтіндігін хабарлады.
«Мен бұрынғы президент Барак Обаманы үнемі сынға алатынмын. Себебі, ол әскердің Мосул қаласына және басқа орындарға қашан жөнелтілетінін алдын-ала айтып отыратын. Олар күн мен уақытты көрсететін. Мен оған ешқашан сенбейтінмін», — деді АҚШ-тағы ақ үй басшысы.