АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter’де «өтірікші БАҚ сыйлығының» жеңімпаздарын жариялады.
Фейк БАҚ тізімінде бірінші орынды The New York Times газеті алды, басылым АҚШ экономикасы ешқашан қалпына келмейді деген мәлімдеме жасаған.
CNN телеарнасы фейк БАҚ тізімінде төрт мәрте аталған. Атап айтқанда, АҚШ президенті мен оның ұлы WikiLeaks’тің хакерлік құжаттарына қатысы бар деген материал таратқан еді.
Бұған қоса, Трамп «өтірікші БАҚ сыйлықтарын» TIME және Newsweek журналдарына, ABC телеарнасына және Washington Post газетіне берді. Фейк жаңалықтар тізімін Трамптың сайлау алды тобының Ресеймен байланысы бар дейтін материалдар бастап тұр. Трамп бұны «америка халқын алдау» деп атаған.
АҚШ президентінің демократиялық БАҚтармен жандалы 2014 жылы президенттік сайлау науқаны басталған уақыттан бері басылмай келеді. Трамптың сайлаудағы жеңісінен соң БАҚ президентті одан бетер сынай бастады.