Донецкте Азаттық радиосының тұрақты авторы 15 жылға сотталды

Украинаның сепаратистер бақылауына алған Донецк облысында Азаттықтың украин қызметінің тұрақты авторы болып жүрген журналист Станислав Асеев 15 жылға сотталды.

Ол 2017 жылы ұсталып, оған қарсы «тыңшылық», «экстремизм» және Ресейді қолдайтын сепаратистер бақылауына алған «аймақтың тұтастығын бұзу» баптары бойынша айыптар тағылған.

«Азат Еуропа/Азаттық» (RFE/RL) радиосының президенті Дейми Флай журналистің сотталғанын айыптап, ол тез арада босатылуы керек деп мәлімдеді.

Флай «Асеев журналист болып жұмыс істегенін, ол тек Украина шығысындағы жағдай жайында ақпарат беруге талпынды» дейді. Ол сепаратистер шешімін «мықты, тәуелсіз дауысты тұншықтыруға тырысты» деп бағалады. Флай Асеев тез арада босатылуы тиіс деді.

Украина мен халықаралық қауымдастық Донецк және Луганск облыстарындағы сепаратистер тарабынан түзілген органдардың, олардың қабылдаған шешімдерін заңсыз деп есептейді.

https://www.centralasian.org/a/30231553.html

Комментарий (0)
Добавить комментарий