Дума депутаты: «Вагнер» енді Украинадағы соғысқа қатыспайды

«Вагнер» жекеменшік компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин қарулы бүліктен бірнеше күн бұрын Ресей қорғаныс министрлігімен келісімге отырудан бас тартып, оның компаниясы «арнайы әскери операцияға» (Ресей билігі Украинадағы соғысты осылай деп атайды) қатыспайтынын мәлімдеген.

Бұл туралы мемлекеттік думаның қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Картаполов хабарлады.

Оның айтуынша, Пригожинге «олай болса «Вагнер» арнайы әскери операцияға қатыспайтыны, яғни қаржы мен материалдық құрал-жабдық бөлінбейтіні айтылған, ал Пригожин мырзаны осы жағы ғана қызықтырады».

«Вагнерліктер» Украинада соғыспайтынын Украина қорғаныс министрлігі бас барлау қызметінің жетекшісі Кирилл Буданов та мәлімдеп отыр. Ол бұны «сәтсіз бүліктің салдары» деп сипаттаған.

«Вагнер» ЖӘК енді Украина аумағындағы әскери қимылдарға қатыспайды» дейді ол.

Евгений Пригожиннің «Вагнер» әскери компаниясы 24 маусымда Ресейде қарулы бүлік жасауға талпынды. Алайда Пригожин Мәскеуге қарай беттеуден бас тартқанын, оның қарамағындағылар «дала лагерьлеріне қарай шегінгенін» мәлімдеген. Бүлікті доғару жөніндегі келіссөздерге Беларусь президенті Александр Лукашенко қатысқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий