Думадан Ресейге қарсы санкцияларды орындағандарды жазалауын сұрады

Шетелдің Ресейге қарсы санкцияларын федерация аумағында орындағаны үшін бас бостандығын айыруды қарастыратын Қылмыстық кодекске түзету Дума талқылауына түсті. Жоба Мемлекеттік дума сайтында жарияланды.

Заң жобасына сәйкес, Ресейге қарсы санкциялар негізінде жергілікті компаниялар мен азаматтарға қызмет көрсетуден немесе келісімге отырудан бас тартқан компанияларға 600 мың рубльге дейін айыппұл салынады немесе төрт жыл еркіндігін шектеу жазасы қолданылады.

Ресей азаматтарына шектеу енгізугі түрткі болуы мүмкін мәліметтер немесе кеңестер бергендерге 500 мың рубльге дейін айыппұл салынып, үш жылға дейін бостандығынынан айыру немесе мәжбүрлі жұмысқа салу жазалары қарастырылады.

Заң жобасын Федералдық Жиналыстың жоғарғы және төменгі палаталарының спикерлері, барлық төрт партияның жетекшілері және Дума вице-спикері қолдап отыр.

Мемлекеттік дума қарауында «АҚШ-қа қарсы санкция» заң жобасы да жатыр. Құжат АҚШ-тың сәуір айында Ресей компаниялары мен Кремльге жақын кәсіпкерлерге, шенеуніктерге қарсы енгізген санкцияларына жауап ретінде талқыланады.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий