Автодорога Душанбе-Чанак, 9 марта 2022 года
Қар көшкініне байланысты Тәжікстанның солтүстік бөлігін ел астанасымен байланыстырып тұрған Душанбе-Чанак тас жолы уақытша жабылды.
Аталған жолды басқаратын Innovative Road Solutions (IRS) компаниясының өкілі трассанықардан тазалау жүріп жатқанын жеткізді.
«Душанбе-Чанак жолының 48 шақырымына түскен қар көшкіні Варзоб өзенінің аңғарын жауып қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері мен IRS компаниясының арнайы техникалары жолды қардан тазартып жатыр», — деп жазылған компания мәлімдемесінде.
1 қаңтардан бастап IRS компаниясы басқаратын Душанбе-Хожент-Чанак магистралды жолы арқылы жүру тарифтері өзгерген. Бұған ұлтты валютаның құнсыздануы себеп болғаны айтылған.
Innovative Road Solutions (IRS) компаниясы 2009 жылы Британ-Виргин аралдарында офшорда тіркеуден өткен. Оның Тәжікстандағы өкілдігі 2010 жылдың сәуір айынан бері Душанбе-Чанак автожолындағы инфрақұрылымды басқарумен айналысып келеді.