Душанбе-Хожент жолында қар көшкінінен төрт адам қаза тапты

Душанбе-Хожент жолындағы Шахристан елді-мекенінде қар көшкіні жүріп, төрт адам қаза тапты.

Тас жолға қызмет ететін Innovative Road Solutions (IRS) компаниясы оқиға 26 ақпанда болғанын хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, үш адам оқиға болған жерде мерт болған, тағы бірі ауруханада көз жұмған. Бір адам аман қалған, ол аудандық ауруханаға жатқызылған.

IRS көшкін түскеннен кейін Душанбе-Хожент жолы уақытша жабылғанын мәлімдеді.

Биыл Тәжікстанда қар қалың түсіп, соңғы бір айда қар көшкінінен 20-дан астам адам қаза болды. Олардың басым бөлігі хорогдықтар.

15 ақпанда қар көшкінінен он адам қайтыс болған, арасында үш бала болған, ондаған үй зардап шеккен.

Тәжікстанның төтенше жағдайлар комитеті халықты өте қажет болмаса, көшкін жүретін аймақтарға бармауға шақырып жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий