Душанбе маңында тәжік-қытай антитеррорлық жаттығу өтіп жатыр

Тәжік билігі 17 тамызда қытай әріптестерімен бірге Ромит шатқалында антитеррорлық оқу-жаттығуын бастағанын мәлімдеді. Бұл 20 тамызға дейін созылады.

Бұл оқуға Тәжікстан тарапынан ішкі істер министрлігінің арнайы жасағы қатысса, Қытай тарапынан қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері қатысып жатыр.

Қазіргі кезде Душанбе Бейжіңмен Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай-Тәжікстан-Пәкістан-Ауғанстан антитеррорлық коалиция аясында әріптестік жасайды.

2019 жылдың қараша айында Қытайдың қолдауымен Душанбеде Терроризм, экстремизм және сепаратизмге қарсы күрес орталығы ашылған. 2016 және 2019 жылдары Таулы-Бадахшан автономды облысында тәжік-қытай бірлескен оқу-жаттығуы өткен.

Тәжікстан мен Қытай шекаралас елдер. Оның үстіне Қытай Тәжікстандағы ең ірі инвестор. Тәжікстанның сыртқы қарызының дені Қытайға тиесілі.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий