Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ресей басшысы Владимир Путин 18 тамызда телефон арқылы сөйлескен кезде, Ауғанстандағы жағдайға алаңдайтынын жеткізген.
Бұл жөнінде Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Екі ел басшысы Ауғанстандағы жағдайды талқылаған.
Сөйлесу барысында тәжік-ауған шекарасына күзетті күшейтіп, Ауғанстандағы жағдайды реттеуге бірлесіп әрекет етуге келіскен.
Душанбе мен Мәскеу Ұжымдық қауіпсіздік келісім шартына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше.
Тәліптер қазір тәжік-ауған шекарасына әскерін көбейтіп жатыр.
Тәжік билігінің мәліметінше, тәліптер қазір Тәжікстанмен шекаралас 900 шақырым жерді бақылап отыр. Босқындар ағылуы мүмкін.