Душанбеде ақтау үкімін шығарған экс-судьяның ісі бойынша сот отырысы басталды

Тәжікстанның Жоғарғы сотында Соғды облысы Бобожон Гафуров аудандық сотының бұрынғы судьясы Рустам Сайдахмадзоданың ісі қарала бастады.

Рустам Сайдахмадзода «қызметін асыра пайдаланды», «қылмыс жөнінде жалған мәлімет берді» және «алаяқтық» баптары бойынша айыпталып жатыр. Экс-судьяның өзі бұл айыптардың бірін де мойындамайды.

43 жастағы Рустам Сайдахмадзода 29 маусымда ұсталған. Осыдан кейін көп өтпей ел президенті «судья абыройына кір келтірді» деген жарлық шығарып, оны қызметінен босатқан.

Оның алдында жергілікті БАҚ Рустам Саидахмадзоданың ақтау үкімін шығарғаны жөнінде ақпарат таратқан. Бұл Тәжікстан сотында өте сирек кездесетін оқиға.

Көп өтпей, Рустам Сайдахмадзоданың 22 жастағы хатшысы Азиза Хайдарова да ұсталған. Оған қарсы «алаяқтық» бабымен іс қозғалған.

Азизаның анасы Барно сот отырысына өзін жібермей жатқанын мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий