Душанбеде белсенді Ульфатхоним Мамадшоева ұсталды

18 мамырда құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ульфатхоним Мамадшоеваны үйінде ұстағанын белсендінің туыстарының бірі Озоди радиосына хабарлады.

Ульфатхоним Мамадшоеваның туысы, журналист Марат Мамадшоевтың айтуынша, таңғы сағат сегізде Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мен Бас прокуратураның қызметкерлері белсендінің Душанбедегі үйіне келіп, оны ұстап алып кеткен. ҰҚМК Марат Мамадшоевті де комитетке шақырған.

Билік әзірге белсендінің ұсталғаны туралы ресми ақпарат таратпады. Мәліметті басқа да дереккөздер көмегімен растау мүмкін болмай отыр. Дегенмен Ульфатхоним Мамадшоеваның ұсталғанын әлеуметтік желі қолданушылары мен басқа да журналистер хабарлаған.

Кезінде «Азия-Плюс» газетінің редакторы болып істеген Марат Мамадшоевтің айтуынша, Ульфатхонимге қарсы қылмыстық іс қозғамаған, бірақ ол бес сағаттан бері қамауда отыр. Белсендінің үйі тінтілген, бірақ күдікті ештеңе табылмаған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі 17 мамырда Ульфатхоним Мамадшоеваны «заңсыз митинг ұйымдастырды» деп айыптады. Дәл осындай айып Таулы Бадахшанның бейресми лидерлерінің бірі Мамадбокир Мамадбокиров пен тыйым салынған Тәжікстан ұлттық альянсы төрағасының орынбасары Әлім Шерзамоновқа тағылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий