Тәжікстанда бензин мен газдың бағасы қымбаттағаннан кейін, жол бағасы да өсті. Душанбеде «халықтық такси» бұрынғыдай 5 емес, 7-8 сомони (0,6 доллар) боп жатыр.
Тәжікстанның Монополияға қарсы күрес агенттігі бұл бойынша түсініктеме әлі бермеді.
Тәжікстанның Статистика агенттігі соңғы алты айда бензин бағасы 44,5 пайызға өскенін мәлімдеген.
Сұйытылған газдың 90 пайызы Қазақстаннан келеді. Қазақстан 2021 жылдың соңына дейін газды экспорттауға шектеу қойған.
Душанбеде «халықтың таксилер» қоғамдық көліктердің жолы бойынша жүреді, бірақ заңсыз жұмыс істейді. Олар арзан болғандықтан, халықтың көбі соны пайдаланады.