Душанбе милициясының қызметкерлері жасөспірім қыздарды ұрды деген күдікпен екі адамды ұстаған.
Ақпаратқа қарағанда, 19 желтоқсанда қаладағы Мирзо Турсунзаде көшесінде екі бейтаныс ер адам шашын қызылға бояғаны үшін және орамал тақпағаны үшін екі жасөспірім қызды балағаттап, оларды сабап тастаған.
Жәбірленушілердің бірінің анасы Шахноз Комилзода оқиға туралы әлеуметтік желіде жариялады.
«Олар қызымның құрбысының телефонын тартып алып, жерге лақтырып, экранын сындырған. Қызым Мумтоздың телефонын және сөмкесін тартып алған. Қыздар бұйымдарын алуға әрекет жасағанда, жігіттердің бірі Мумтоздың құрбысын аяғынан шалып, жерге құлатып, ішінен тепкен», — деп жазған ол.
Шахноз оқиға куәгерлері оларға жәрдем бермей, тек бақылап тұрғанына наразы болған.
Шахноз Комилзоданың мәлімдемесінен кейін қалалық милиция 20 және 27 жастағы екі жігіттің ұсталып, оларға қарсы бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.