Дүниежүзілік сауда ұйымының COVID-19-ға қарсы вакцина жасағандардың интеллектуалдық меншігін қорғаудан бас тартқанын АҚШ президенті Джо Байден қолдады.
АҚШ-тың сауда жөніндегі өкілі Кэтрин Тайдың мәлімдеуінше, коронавирус пандемиясынан туындаған дүниежүзілік дағдарыс кезінде «әдеттен тыс шара қолдануға тура келеді».
Оның айтуынша, Байден әкімшілігі де коронавирусқа қарсы вакцинаны патенттеуді қолдап отырған жоқ.
Коронавирусқа қарсы вакцинаны патенттеуге болмайтынын алғаш рет былтыр қазанда Оңтүстік Африка Республикасы мен Үндістан айтқан. ОАР-дың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы өкілі вакцинаны патенттеу оны әлемге таратуға кедергі келтіреді деген. Мұндай бастаманы дамушы елдердің көбі қолдады, бірақ фармкомпаниялар оған қарсы шығып отыр.
ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус АҚШ президентінің ұстанымын қолдап, бұны пандемияға қарсы күрестегі тарихи сәт деп атады.
This is a monumental moment in the fight against #COVID19. The commitment by @POTUS Joe Biden & @USTradeRep @AmbassadorTai to support the waiver of IP protections on vaccines is a powerful example of 🇺🇸 leadership to address global health challenges. pic.twitter.com/3iBt3jfdEr
— Tedros Adhanom Ghebreyesus (@DrTedros) May 5, 2021
Америкалық фармацевтика өнеркәсібінің өкілдері президент Байденнің бұл әрекетін сынап, бұны «дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігіне жасалған соққы» деп бағалаған.