ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Өзбекстанға Конституицияны өзгерту бойынша референумға бақылау жүргізу үшін шектелген миссиясын жіберуді ұсынды.
Бюро миссиясы 19-21 шілдеде Өзбекстанға келіп кеткен.
Енді ұзақ мерзімге 14 мүшесін жіберуді көздеп отыр.
Ақпаратқа қарағанда, миссия сайлау учаскелерін аралайды және БАҚ-тың референдумды жазуына да мониторинг жүргізеді.
Өзбекстанда Конституицияға өзгерістер енгізу бойынша референдумның қашан өтетіні белгісіз. Басты заңға 200-ге жуық өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Арасында президент мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұзарту қарастырылған.