Еңбек министрлігі күзге қарай Ресейден келетін мигрант көбейетінін айтады

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл күзге қарай Ресейден Қазақстанға келетін мигрант одан сайын көбейеді деп болжап отыр.

Бұл туралы министрліктің халықты жұмыспен қамту департаментінің өкілі Ерболат Абылхатинге сілтеме жасаған «Sputnik — Қазақстан» агенттігі хабарлады.

Шенеуніктің мәліметінше, 1 мамырға дейін Қазақстанға 14 мың адам келген, оның 9 мыңы жұмыс істеуге рұқсат сұрап құжат тапсырған.

«Қазір бізге пәтер жалдап, компания есебінен қонақ үйде тұра алатын, нарықтағы «жағдайы жақсылары» келіп жатыр. Күзге қарай жұмыс істеп, нәпақа тапқысы келетін қарапайым жұмысшылар келуі мүмкін. Әзірге жаппай келіп жатыр деуге болмас» дейді Ерболат Абылхатин. Оның сөзінше, келіп жатқан ресейліктер негізінен Алматыға тоқтаған.

«Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі — 4,9 пайыз, бұл былтырғы көрсеткішпен бірдей. Қайсыбір елден жаппай келіп жатқандар жоқ. Қазір негізінен IT, қаржы-банк саласы қызметкерлері келіп жатыр» дейді министрлік өкілі.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий