Танымал әнші Луина эфирде балағат сөз айтып, ел алдында масқара болды. Бұл әрекетін ол тіпті өзінің желідегі парақшасына салып, видео қызу талқыға салына бастады деп хабарлайды NUR.KZ.
НТК арнасының «Ревю» бағдарламасын жүргізетін әнші эфирден тыс кадрларды жария етті. Видеодан редакторлардың жазғанын айтудан жаңылысқан әнші түрлі балағат сөздер айта бастағанын көруге болады.
Желі қолданушылары болса, оған түрлі пікірлер жазды. Бірі оны былапыт сөздері үшін сөгіп тастаса, екіншілері күлкіге қарық болғандарын айтты.