Екі баласын сатпақ болды деген қарақалпақ мигранты күдікке ілінді (видео)

Қазақстанның Орал қаласында екі баласын сатпақ болды деп күдікке ілінген қарақалпақстандық мигрант әйел қамауға алынды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, әйел бірінші рет 2018 жылы жаңа туған нәрестесін Атыраудағы отбасына сатқан. Келесі жылы қыз дүниеге әкеліп, ол үш жасқа толғанда Орал қаласындағы бір отбасы мүшесіне 1 млн теңгеге (2,2 мың доллар) сатып жіберген.

Қамалған әйелдің құрбысы мәлімдегендей, ол мұндай қадамға амалсыздан барған. Балалары некесіз туылып, бұл жөнінде туыстары білген емес. Оның сөзінше, әйел балаларын сатқан емес, «жақсы бағуға мүмкіндігі бар адамдарға берген».

Қарақалпақ диаспорасының өкілдері бұл соңғы екі жылдың ішінде Қазақстандағы төртінші жағдай екенін айтады.

Қаракалпақстанның еңбек министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні Қазақстан аумағында 70-80 мыңға жуық қарақалпақ мигранты бар. Олардың көбі құрылыс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий