Екі қолсыз туған балақайдың өмірге деген талпынысы жұрттың жүрегін елжіретті

Скриншот видеодан алынды

Екі қолсыз дүниеге келген ресейлік бүлдіршіннің өмірге деген талпынысы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Анасы балақайдың аяғымен тамақ ішіп отырған видеосын желіге салғаннан кейін оның табынушылары тіпті көбейе түскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода бүлдіршін шанышқыны аяқтарының башпайларымен ұстап, онымен алдындағы ыдыстан ас алмақшы болады. Алайда аяғымен аузына ас апармақшы болған қыздың әркетінен ештеңе шықпайды.

Қайсар бүлдіршін сонда да тайсалмай қиымылын бірнеше мәрте қайталап дегеніне жетеді. Қызының бұл әрекетіне сүйсінген ана оның видеосын желіге жариялап жібереді.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий