Екібастұзда тұрғындарға ақпан айы үшін жылудың 30 пайызын төлеуді міндеттеген

Қыс бойы Жылу электр станциясының жарылуынан жылусыз қалған екібастұздықтарға ақпан айында коммуналдық төлемдер бойынша 70 пайыз жеңілдік беріледі.

Осылай деп «Екібастұзжылуэнерго» компаниясының мәлімдемесінде айтылған.

Бірақ Екібастұз тұрғындары монополистерге жылу қызметінің 30 пайызын төлеудің өзі артық екенін мәлімдеп, пәтерлерінің әлі де салқын екеніне наразы.

Қазір тұрғындар электр арқылы жылытатын құралдар қолданып келеді. Бұл үшін электр энергиясына қомақты ақша төлейді.

Былтыр қарашада Екібастұз жылу электр орталығында ірі апат болған. Сол күндері 30 градус аяз болып тұрды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Содан бері жеке және көпқабатты тұрғын үйлерге жылу төмен параметрмен беріліп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий