Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков «Құмтөр» ісіндегі куәгер ретінде тергелді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.
Арнайы қызмет мәліметі бойынша, сауалдар Жээнбековтің премьер-министр қызметін атқарған уақытқа қатысты болған. Комитеттің хабарлауынша, Сооронбай Жээнбековті тергеу әлі аяқталған жоқ.
Сооронбай Жээнбеков премьер-министр қызметін 2016 жылғы сәуірден 2017 жылғы тамыз аралығында атқарды.
«Құмтөр» алтын кеніндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында парламенттің бұрынғы спикері Асылбек Жээнбекова (Сооронбай Жээнбековтің бауыры), экс-премьер-министр Өмірбек Бабанов, бұрынғы депутаттар Исхак Пирматов, Торобай Зулпукаров және Талантбек Узакбаев, Алмазбек Атамбаевтың парламенттегі бұрынғы өкілі Данияр Нарымбаев, экс-депутат Алмазбек Баатырбеков ұсталды. Үкіметтің парламенттегі бұрынғы өкілі Динара Молдошева ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босады. Сонымен бірге бұрынғы вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев пен бұрынғы премьер-министр Темір Сариев ұсталды.
Тергеумен келісімге отырған экс-депутаттар Алмазбек Баатырбеков, Талантбек Узакбаев, Исхак Пирматов, сонымен бірге бұрынғы бірінші вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев үйқамаққа ауыстырылды.