Ел алдында Тәуекелмен сүйіскен Жанар Дұғалова тыңдармандарға жақпай қалды

Жанар Дұғалова. Бейнебаяннан алынған кадр.

Жанар Дұғалованың күні кеше көрерменге жол тартқан «Ала кетпедің» атты әніне түсірілген бейнабаяны тыңдарман қауымға жақпай қалды деп хабарлайды Gakku арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Аталмыш бейнебаянда Жанар қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсіліммен бірге ғашықтардың рөлін сомдаған.

Қос әртістің жалынның арасында сүйісіп тұрған көрінісін ерсі көрген көрермендер жас әншіні сынның астына алды.

Алайда, тыңдармандардың арасында махаббат хикаясы болғаннан кейін мұндай қылықты жарасымды деп бағалағандар да табылды.

Сондай-ақ, «Отандық бейнебаяндар Тәуекелсіз түсірілмейтін болған ба?», — деп реніш білдіріп жатқандар да бар.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий