Елбасы Димашқа арнайы стипендия тағайындады

Фото: baq.kz

Димаш Құдайбергенге елбасы арнайы стипендия тағайындады. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әншінің оқу орнында өткен кездесу кезінде мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz

Министр Димаш еліміздің мақтанышы екендігін айтып, осындай баланы тәрбиелеп, өсірген ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтарға, сондай-ақ ұстаздарына ризашылық білдірді.

«Димаш аяқ астынан танымал бола қалған жоқ, бұрыннан конкурстарға қатысып келеді. Оның бұрыннан бері халықаралық байқауларға, мемлекеттің үлкен концерттеріне қатысып жүргенін жақсы білесіздер. Жақында ғана елбасы өзінің арнайы стипендиясымен Димашты басқа да өнер адамдарымен бірге құрметтеді. Біздің Елбасымыздың Димашқа деген қамқорлығын осыдан-ақ білуге болады» , — деді ол.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Астанада жүрген Димаш Құдайберген сенбінің таңында Қазақстанға ұшып келді. Әншінің менеджері әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш пен Hunan TV арнасының түсірілім тобы елімізге әншінің өмірі мен туған жері жайлы түсіруге келіпті. Сюжет алдағы уақытта қытайлық телеарнада көрсетіледі.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий