Елбасы ЭКСПО-ға жұмсалған ақшаны үнемдегені үшін Есімовті мақтады

Елбасының сұхбат беру сәті. Скриншот: Хабар арнасы

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналған шығындардың қысқаруын атап өтті.

«Біз құрған компания — «Астана ЭКСПО-2017» — алғашында шығын 800 миллиард теңге көлемінде болады деп жоспарлаған. Қолданылған шаралар нәтижесінде шығын көлемі екі есеге — шамамен 400 миллиард теңгеге қысқарды. Мұның бәрі Ахметжан Есімов жетекшілік ететін ЭКСПО-2017 ұйымдастырушыларының еңбегі. Олар жақсы жұмыс істеді», — деді Назарбаев.

Президент көрменің өзге елдердің жаңа технологияларымен танысуға мүмкіндік бергенін баса айтты.

Sputnik Казахстан

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий