Елбасы шенеуніктерді «мемлекеттің әр тиынын үнемдеуге» шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрлігіне мемлекеттік қаражатты үнемді әрі тиімді жұмсауды қатаң түрде тапсырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

«Бәріміз де мемлекеттік қызметкерлерміз. Мемлекетке, халыққа қызмет етеміз. Олай болса сол қызметімізді дұрыс атқарайық! Мемлекеттің әр тиынын үнемдеп, орынсыз шашпайық. Мұнымен жалғыз өзім айналысуым керек пе? Сендерге бюджет берілді, соны үнемдеуді ойлауға тиіссіңдер. Кім тиімді пайдаланса, соған беру керек», — деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Елбасының айтуынша, мемлекеттік ведомство қызметкерлер санын 10%-ға қысқартатын болса, үнемделген ақшаны үздік қызметкерлерге беріп, жалақысын көбейту қажет.

Сондай-ақ, ол «Саған бір жолы мемлекеттік қаражатты тиімді жұмсау жолдарын іздеу керек деп айтқанмын. Міне, енді екінші рет ескерту жасап отырмын. Байқа, үшінші рет опық жеп қалуың мүмкін», — деді Назарбаев қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий