Көрнекі сурет. Фото: Getty Images
Қазақстан дипломаттары шетелде бес жылдан артық жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елшілердің шетелде болу мерзімін 5 жылдан арттырмау мәселесі өзекті болып отыр, себебі қазіргі кезде 20 жылдан астам уақыт бойы елге оралмаған елшілер, дипломаттар бар. Олар елден қарым-қатынасын үзген деп айтуға болмайды, дегенмен де соны нашарлатқан, елдегі жағдайды терең түсінбейді»,- деді Икрам Адырбеков.
Тағы оқыңыздар:Марқұм анасын еске алған Нұржан Төлендиев елді жылатты
Өз кезегінде Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшы Анарбек Қарашев дипломаттар елге тиісті мерзімде елге қайтып оралғаны дұрыс екенін атап өтті.
«Балалар қазақ екенін білмей кетеді. Мен 12 жыл болған жоқпын. Балаларымда туған елі туралы дұрыс танымы болмады. Елге келіп, үш жылдан кейін балалар қазақ екендерін сезіп отыр, яғни осында мектепке барып, қазақша сөйлеп, қай мемлекеттің баласы екенін түсіне бастады. Сондықтан дипломаттар үздіксіз шетелде қызмет ете берсе, олардың балалары Қазақстан жайында тек БАҚ арқылы ғана біліп жүреді»,- деп атап өтті Анарбек Қарашев.