Елімізде мектеп бітіргеніне қуанған түлек іш киімін шешіп тастады (фото, видео)

Маусымның соңғы аптасында еліміздегі мектеп бітіруші түлектер қолдарына аттестат алып, алтын ұя мектептерімен қоштасты. Биылғы мектеп түлектері бітіру кеші мен серуен кезінде көпшліктің ойына келе бермейтін әрекеттерімен есте қалды.

Осы орайда, биылғы мектеп түлектерінің ең есте қалаларлық оқиғаларын ztb.kz сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

Әдеттегідей, Шымкенттен бастаймыз. Шымқаладағы түлектер кіл қара түсті қымбат машиналармен серуенге шығып, бірнеше метрге созылатын кептеліс тудырды. Осыншама көлікпен қыдыруға шыққан түлектер жолда өзге де жүргізушілер барын ұмытқан тәрізді.

Алматылық түлектер болса, қаладағы фонтанға секіріп әлек болды. Олардың бұл әрекетіне де ешкім қой деген жоқ.

Түлектердің «ессіз» билері де ғаламторда жиі қаралды. Мұндай би арқылы олардың мектеппен қош айтысқанына қуанып тұрғанын байқамау мүмкін емес.

Ал, шамамен екі ай бұрын мектепте бантик тағып отырған бұл оқушы қыз мектеп өмірімен осылай қоштасты.

Бір қызығы, түлектердің барлығы да мұндай емес болып шықты. Маңғыстау облысындағы Түпқараған мектеп-лицейінің түлектері бітіру кешінен бас тартып, сырқат қыз балаға ақша жинап берді. Осылайша, олар Әсел Исатайқызының емделуіне көмектескен.

Кейін бұл акцияға Ақтөбе, Астана, Алматы, Атырау және Павлодар мектептеріндегі түлектер қосылып, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік алынған.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий