Елімізде шенеуніктерге тым қымбат киім киюге тыйым салынбақ

Елімізде шенеуніктердің сыртқы келбеті қатаң қадағаланбақ.  Жұмысқа қымбат киім киіп келген мемлекеттік қызметкерлер бұдан бұлай  жазаланатын болады.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ол үшін үшін Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жанынан арнайы институт құрылды.

Әзірге белгілі бір брендке, шенеуніктің жеке көлігінің бағасына қатысты нақты тыйым жоқ. Алайда, мемлекеттік қызметкер барынша қарапайым киінуі тиіс. Жаңадан құрылған институт шенеуніктердің киімін ғана емес, жүріс-тұрысы, ортада өзін ұстау мен этикасын да бақылайтын болады.

Егер мекеме басшысы, әкім немесе оның орынбасарлары ескертуге құлақ аспаса, тәртіптік жауапқа тартылады, тіпті бұдан да қатал жаза қолданылуы мүмкін.

Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерге жаппай отандық көлікке ауысу туралы талап қойылған болатын. Және жұмыста смартфон пайдалануға тыйым салынған-ды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий