Елімізде тозығы жеткен 5665 көлік жоюға тапсырылды

Фото: Астана арнасы

16 ақпаннан бастап ескі көліктерді қабылдау жобасы жалғасын табады. Биыл тағы 40 мың ескі көлікті утилдеу жоспарланып отыр деп хабарлайды Астана арнасы. 

Ал мамыр айында жылына 50 мың автокөлікті утилизациялауға қуаты жететін зауыт іске қосылмақ. Бұл туралы «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері» операторының атқарушы директоры Сергей Юрча мәлімдеді.

Оның айтуынша, тозығы жеткен көліктерді утилизациялау науқаны басталғалы бері 5 665 көлік қабылдау бекеттеріне тапсырылды. Ескі автокөліктерді қабылдау бойынша әзірге Шымкент қаласы бірінші орында тұр.

Қостанай — екінші, Алматы — үшінші орында. Ескі көліктер 21 қараша мен 30 желтоқсан аралығында пилоттық жоба аясында қабылданды. Көлік иелеріне 850 миллион теңгеге жуық қаражат берілген.

Жоюға тапсырылған көліктердің басым бөлігі «ВАЗ 2105», «ВАЗ 2106», «ВАЗ 2012», «Москвич 2140» және «Мазда 626» сияқты техникалар. Утилизацияға тапсырылған темір тұлпарлардың дені 25-30 жыл қолданыста болған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий