Зират. Фото: NUR.KZ
Шариғат бойынша адамның бейнесін қашап, бюст, ескерткіш орнатуға болмайды. Жарты ай бейнеленіп, қайтыс болған адамның аты-жөні, туған жылы мен өлген уақыты жазылады.
«Біз қазір ҚМДБ-сы, оның ішінде Ғұламалар кеңесі еліміздің батыс өңірінде ескіден сақталған ою-өрнекті сағана тастарды негізгі үлгі ретінде алып отырмыз», — дейді ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, дінтанушы Мұхан Ықсан.
«Кесене орнаттың не, орнатпадың не, оның кеудесінен Аллах-Тағалла аманатын алып кетті, рухын алып кетті», -дейді тұрғындардың бірі.
«Кейінгі кезде суретін қоюға болмайды деп естіп жатамыз. Бірақ артымызда қалатын ұрпақтарға кейін көрсеткенге, бейітін қалай табуға болатынын білу үшін жаңағы суреті болғаны дұрыс деп ойлаймын», — деп келіспеушілігін білдірді өзге тұрғын.