Ол президент сайлауының 24 сәуірдегі екінші турында оңшыл популистер кандидаты Марин Ле Пенді жеңді.
Сайлаудың алдын ала мәліметіне қарағанда, 44 жастағы Макрон 58 пайыз дауысқа ие болды. Ле Пен 42 пайыз дауыс жинады, деп хабарлады Le Figaro газеті.
Бұл екеуі 2017 жылғы мамырда бұған дейінгі президент сайлауының екінші турында кездескен. Сол кезде Макрон айқын басымдықпен жеңген: 66,1 және 33,9 пайыз. Бұл жолы президентке жанармайдың қымбаттауына, салықтың көтерілуіне наразы жасыл жейделілер қарсы шықты. 53 жастағы Ле Пен Еуроодақ құрамынан шығу жөніндегі ұсынысынан бас тартты.
Еуропалық лидерлердің дені Макронды жақтады. Олар Ле Пеннің жеңісінен ЕО зардап шегеді деп есептеді. Бұған қоса, олар саясаткердің Ресей президенті Владимир Путинге қатысты оң көзқарасынан сескенді. The New York Times газетінің хабарлауынша, Макрон қайта сайланған соң Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларын күшейтуді көздеп отыр.