Чат-ботты қолдану үшін Telegram-мессенджерден @smartastana_bot-ты тауып алып қосылсаңыз жетіп жатыр.
Астанада «Сергек» бейнебақылау жүйесі арқылы жазылып қалған және төленбеген әкімшілік айыппұлды білуге болатын чат-бот іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.
Чат-ботты қолдану үшін Telegram-мессенджерден @smartastana_bot-ты тауып алып қосылсаңыз жетіп жатыр.
Чат-бот сізге есіміңіз бен тілді таңдауды ұсынады, сосын пайдаланушыға қызмет көрсету тізімі, баптау, бот туралы ақпарат мәзірін ұсынады.
Әкімшілік айыппұлдың төленбегенін білу үшін алдымен «Қызмет көрсету» мәзірін таңдауыңыз қажет, одан кейін «Әкімшілік айыппұлды тексеруге» кіріп, ЖСН (ИИН) енгізесіз. Чат-бот сізге Бас прокуратураның арнайы есебі мен құқықтық статистика жөніндегі комитетінің базалық ақпаратынан айыппұлдың бар-жоғын тексеріп береді. Егер бар болған жағдайда ақпаратты шығарып, күні мен айыппұлдың көлемін көрсетеді және әрі қарай қалай төлеу керектігі туралы толық түсіндіреді.
Бұдан басқа, чат-бот өз емханаңды да табу қызметін ұсынады яғни медициналық мекемеге тіркелу және «109» кезекші қызметіне де коммуналдық сұрақтар бойынша өтінішті жолдап, оның орындалуын бақылауға, орындаушылардың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта сервистік тізім: мектептегі 1-ші, 2-ші ауысымдағы оқудың кейінге қалдырылғаны туралы хабарландыру мен ауа райына байланысты автокөлік қозғалысының шектелгені туралы, поштадан жөнелтілгені туралы ақпаратты тексеру сияқты қызмет түрлерімен толыға түспек.
Қазіргі таңда Тelegram мессенджері үшін чат-бот іске қосылып, https://t.me/smartastana_bot сілтемесі бойынша қолжетімді болып тұр, сондай-ақ Facebook пен Skype желісінде де чат-ботты әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.