Ерке Есмахан дәл концертінің алдында ауруханаға түсіп қалды

Ерке Есмахан. Фото xmusic.kz

Танымал əнші Ерке Есмаханның Оралдағы концерті алдынды жағдайы күрт нашарлап, оны жедел жəрдеммен алып кетті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алдын ала дерек бойынша ол уланып қалған болуы мүмкін.

Дегенмен дəрігерлер оның жағдайы туралы нақты деректі əлі айтпады. Дəл қазіргі кезде оны дəрігерлер қарап жатыр.

Естеріңізге салсақ, Ерке Есмахан қазанның 24-інен бастап республикалық турнеге шығып, елдің түкпір-түкпірін аралап жүрген болатын.

30 қазанда ол Орал қаласында кезекті кешін өткізетін болған. Бірақ бұл жағдайдан соң әншінің Оралдағы концерті бүгін өтпейтін болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Еркенің денсаулығы қалпына келген соң, концерті өтетін болады. Əзірге басқа күнге ауыстырылады деген дерек қана белгілі.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий