Әнші Ерке Есмахан депутат болғысы келіп жүрген сыңайлы.
Әнші Instagram парақшасына елбасымен түскен суретін жүктеп, оқырмандармен ішкі ойымен бөлісті.
“Кеше елбасымен бірге бір саxнада тұру мәртебесі бұйырды. Қуанышпен бөліссе, көбейеді дейді. Сіздермен осы фотомен бөлісуге асықтым!”, – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Жеке парақшасына кейін салған тағы бір суретінде әнші депутат болғысы келетін сыңай танытып, пікір қалдырды.
“Осы тұрғандағы бір ойым: депутат болсам ба екен деп қоямын, ә?!”, — деп жазған Еркенің сөзін талқыға салғандар көп болды.
Пікір жазушылардың дені Ерке Есмаханның саясатқа бет бұрмай, сахнада ән салып жүре беруін тіледі.
Дереккөз: Nur.kz