Ерке Есмахан тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Ерке Есмахан. Фото әншінің желі парақшасынан алынды

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуге кететінін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Бәрін бақылап, бәрін оқып, бәрін ескеріп, бәрін көріп отырмын! Өмір-ай өмір, өтесің де кетесің, бір-ақ сәтте! Адам боп туу — анадан, ар жағы кім боп кететінің өз қолыңда! Жан жағымда болып жатқан көп нәрселер жүйкемді жұқартты! Кетем мен күйеуге! Ол жақта проблема аздай, десейші», — деп жазған әнші өз желі парақшасында.

Әншінің жазбасын оқығандар оған отбасылық бақыт тіледі.

«Әйел бақытын тілеймін», «Ақ жол», «Бақытты бол», «Бақытты бол, бағың ашылсын. Күйеусіз жүргендерге жақсы атақ жоқ», «Жақсы адам болса, бақытты бол. Мүмкін, туған әкесіндей жақсы қарайтын шығар?», — деп жазды желі қолданушылары.

Ерке Есмахан

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий