Ерке Есмаханның әнін рэп стилінде орындаған жігіт желіні жарды (ВИДЕО)

Ерке Есмаханның хитке айналған «Қайда?» әнін рэп стилінде орындаған ақтөбелік жас жігіт желіні жарды, деп хабарлайды«NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

 Ақтөбелік тұрғын Дәурен Асқар өзінің Instagram парақшасында Ерке Есмеханның әнін рэп стилінде орындаған сәтінің видеосын жария етті. Бір қызығы, өнерлі жігіт әнді танымал жұлдыздың өз шырқауында орындаған видеосымен байланыстырып, жаңа туынды түсірген. Яғни, бір көрген адамға «Қайда?» әні құдды бір дуэт орындауындағы туынды секілді әсер қалдырады. Рэпер тұрғынның бұл видеосын көрген желі қоланушылары жігіттің өнеріне тәнті болып, өнеріне сәттілік тілегді Тіпті Ерке Есмахан оның өнеріне бей-жай қарамайды деген сенім де білдіргендері бар. Танымал әнші Еркенің бұл жаңалықтан хабары бар ма, жоқ па әзірге белгісіз. Директорына хабарласып білмек болғанымызда, байланысу мүмкін болмады.
Айта кетейік, 20 жастағы Дәурен Асқар жуырда ғана Отан алдындағы борышын өтеп келген. Жас жігіт әскерде жүрген сәтінде де өз өнерімен көпшілікті тәнті еткен.
Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий