Ерке мен Төреғалиді «жұлдыз қылған» сазгер үйлену тойында келіншегімен ән салды (видео)

Құрал Молжанов келіншегімен. Фото: aktobenews.kz

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің хит әндерінің авторы, шалқарлық сазгер Құрал Молжанов шаңырақ көтерді деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Таныстарының айтуынша, Құралдың шылым мен тентек суға әуестігі жоқ. Дегенмен, шалқарлықтарға тән мінезі бар көрінеді.

Құрал Молжанов — «Алло», «Сәлеметсіз бе?», «Бол жанымда», тағы басқа көптеген хит әндердің авторы. Сонымен бірге, Еркін Нұржан орындап жүрген «Атақ» әнінің де авторы.

Фото Ринат Дүйісовтің парақшасынан алынды

Жас әнші-сазгер танымал ақын Қайнар Алагөзов, Аян Сейітовтермен құлын-тайдай тебісіп өскен. Төреғали де әкесінің жұмыстарымен Шалқарға жиі барып жүргенде осы жігіттермен дос болып кетіпті.

Ринат есімді досы желіге жүктеген видеода жас жұбайлар Құрал мен Әйгерім қосылып ән шырқайды.

Құрал-Айгерім бакытты болындар!!! @kuralmolzhanov 14.09.2017

Публикация от Ринат Дюсов (@rinat_dyussov)

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий