Еуроодақ Қырғызстанға білім саласын қолдауға 32 млн еуро бөледі

6 сәуірде Қырғызстан мен Еуропа одағы білім саласын қолдайтын 32 млн еуроның гран келісіміне қол қойды. Бұл туралы республиканың қаржы министрлігі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, жоба бюджет бағдарламасын қолдаудың үшінші кезеңі саналады. Оған 27 млн еуро бөлінеді, қалған 5 млн еуроға техникалық көмек көрсетіледі.

Білім және ғылым министрлігі грант «Қырғыз Республикасының білім секторында реформа жүргізуге арналған келісім» бағдарламасы аясында бөлінетінін мәлімдеді. Мұнда әділетті әрі сапалы білімге назар аударылады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, осы бағдарлама аясында Еуроодақ 2014-2021 жылдары шамамен 72 млн еуро бөлген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий