Шарль Мишель и Владимир Зеленский после неформальной встречи в Киеве, 20 апреля 2022 года
Еурокеңес басшысы Шарль Мишель Киевтегі сапары кезінде осылай деп мәлімдеді.
Мишель Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Украин басшысының айтуынша, жүздесуде Ресейге қарсы санкциялар, сонымен бірге Еуроодақтың Киевке көрсеткен көмегі сөз болған.
Зеленский Украинаның Еуроодаққа қосылу мәселесі де талқыланғанын мәлімдеді. Жақында ғана украин билігі ұйымға кіруге қажетті сауалнаманы Брюссельге тапсырған.
Мишель Киев түбіндегі Бородянка қыстағында болды. Ресей әскері бұл елді мекенді жақында ғана тастап кеткен. Украина Ресейді бейбіт тұрғындарға қиянатан жасады деп айыптап отыр. «Тарих мұнда жасалған әскери қылмыстарды ұмытпайды. Әділетсіз бейбітшілік болуы мүмкін емес», — деп жазды Еурокеңес басшысы Бородянкаға жасаған сапарынан соң.
Ресей әскері 24 ақпанда Украина аумағына президент Владимир Путиннің жарлығымен басып кірді. Осы уақытқа дейін, БҰҰ мәліметінше, екі мыңнан астам адам опат болды. Соғыста қаза тапқандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Бес миллионнан астам адам босқын атанды. Жеті миллионнан астам адам ел ішінде көшуге мәжбүр болды.