Еуропа реконструкция және даму банкі Сауда-саттыққа көмек көрсету бағдарламасы аясында өзбекстандық төрт банкке 210 миллион АҚШ доллары көлемінде несие берді.
Ақпаратқа қарағанда, 60 миллион доллар «Асака», 30 миллион доллар «Ипотека-банк», 40 миллион Ұлттық банк және 80 миллион «Өзпромстройбанкке» бөлінген.
Халықаралық қаржы институтының мәлімдеуінше, несие өзбек Украинадағы соғысқа байланысты пайда болған дағдарысты жеңуге жәрдем береді.
Бүгінгі күнге дейін Еуропа реконструкция және даму банкі Өзбекстанға 106 жоба бойынша 2,85 миллиард доллар инвестиция салды.