Еуропалық одақ Тәжікстанға жаңа елшісін тағайындады

Литва сыртқы істер министрінің орынбасары Раймундас Кароблис 8 маусымда Еуропалық одақтың Тәжікстандағы өкілі қызметіне тағайындалды.

Ол 2018 жылдың күзінен бастап бұл қызметте отырған Мэрилин Йоcефсонның орнына келді. Йосефсон Қырғызстандағы ЕО өкілі болып тағайындалды.

Тәжікстан ЕО-дан Орталық Азия бойынша басым көмекті алады. 2014-2020 жылдар аралығында 251 млн еуро көмек алған. ЕО негізінен ауыл шаруашылығын дамыту, денсаулық сақтау, білім беру бағдарламасы бойынша қаржылай көмек көрсетіп келеді.

Тәжік билігінің оппоненттері ЕО елдегі құқық бұзушылық, сөз бостандығына тыйым салу мәселесіне көз жұмыс келеді деп айыптайды.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Батыс елдерін Тәжікстан билігіне адам құқығын бұзып келе жатқанына байланысты қысым көрсетуге шақырған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий