Еуропаның банкі Өзбекстанда 15 мектеп салуға грант бөледі

Еуропаның даму және қайта құру банкі (ЕДҚБ) Өзбекстанның Наманган және Ферғана облыстарында халықаралық станданттарға сай 15 мектеп салуға грант береді. Бұл туралы 18 мамырда Өзбекстан мектепке дейінгі және мектеп білімі жөніндегі министрлігі хабарлады.

Халықаралық банк пен өзбек министрлігі осындай келісімге отырған.

Министрлік мәліметінше, еуропалық банкпен мектеп құрылысына қатысты әріптесік 2021 жылы Ташкентте өткен экономикалық форумда басталған. Жобаның жалпы құны 55-75 миллион доллар.

Бұған дейін хабарланғандай, ЕДҚБ ACWA Power Wind Karatau компаниясына Қарақалпақстанда жел электр станциясын салуға 19,3 миллион доллар, ал Uzbekistan Airports компаниясына әуежайларды жетілдіруге 28 миллион еуро несие береді.

ЕДҚБ-ның Өзбекстан экономикасына 2017 жылдан бері құйған инвестициясы 3 млрд еуроға жетті.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий