Еуропарламент Ресейді терроризмге демеуші ел деген резолюция қабылдады

Еуропарламент депутаттары 23 қарашада Ресейді «терроризмді қаржыландыратын мемлекет деп мойындау жөнінде» резолюция қабылдады.

Депутаттар Ресей президенті Владимир Путин мен оның үкіметін халықаралық трибуналға жауапқа тартуға негіз дайындап жатқанын жеткізді.

«Ресей Федерациясының Украина тұрғындарына қарсы хайуани шабуылы, инфрақұрылымдарды қиратуы және халықаралық гуманитарлық құқықтарды бұзуы бұл Украина халқына жасалып жатқан террорлық акт және әскери қылмыс», — делінген құжатта.

Еуропарламент депутаттары тұтас бір мемлекетті террористердің тізіміне енгізетін жаңа заң қабылдауды да ұсынды. Қазір Еуроодақта террористердің тізіміне ұйымдар мен жеке адамдарды ғана енгізе алады.

Резолюция еуропалық елдерді қабылданған құжат бойынша әрекет етуге міндеттемейді. Құжатты қолдап 494 депутат дауыс берді, 44-і қалыс қалды, 58-і қарсы болды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий