Еуропарламенттің жаңа төрайымы қызметіне Мальта өкілі Роберта Метсола сайланды.
43 жастағы саясаткер Еуропарламент тарихындағы ең жас басшы атанды. Сонымен бірге, Метсола — Еуроодақтағы ең шағын мемлекет — Мальтаның еуропалық институцияны басқарған алғашқы өкілі.
Консерватор саясаткердің кандидатурасын Еуропарламенттегі үш ірі фракция қолдады, солардың ішінде бұған дейінгі басшыны билікке әкелген социалистер де бар.
Роберта Метсоланың күйеуі – Еуропарламенттегі фин депутаты Укко Метсола. Олардың төрт баласы бар.